050111 «Информатика» мамандытарыны студенттері шін Оу-дісте

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«Информатика» кафедрасы

«Программалау ІІ» пәні бойынша

050111 — «Информатика» мамандықтарының студенттері үшін

Оқу-әдістемелік кешен

(Силлабус)

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 2, семестр 4,5

кредит саны 4

Лекция: 30 сағат

Лаборатория: 30 сағат

СӨЖ: 60 сағат

ОБСӨЖ: 60 сағат

Барлық сағат саны: 180 сағат

Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)

Қорытынды бақылау: емтихан (60 балл)

Жетісай-2008 ж

Құрастырған: аға оқытушы Сарайбаев Молдабек Шыныбекұлы

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(Силлабус)

«Программалау ІІ» пәні бойынша

050111 — «Информатика» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген

Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.

Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған

№ Хаттама________ «______________» 2008 ж

Кафедра меңгерушісі ______________

Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ Хаттама________ «______________» 2008 ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы:_______________________

Университеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданған

№ Хаттама ________ «____________» 2008 ж

050111 – мамандығын дайындайтын кафедра

меңгерушісімен келісілген _____________________________

Мазмұны

Алғы сөз …….……………………………………………………………………………………..

Жалпы мәліметтер …………………………….…………………………………………………

Курстың мақсаты мен міндеті …..……………………………………………………………

Курстың пререквизиттері, постреквизиттері …..……………………………………………….

Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .……………………………………………… ……………………

Оқу сабақтарының құрылымы .………………………………………………………………….

Студентке арналған ережелер ..……………………………………………………………………

Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .………………………………………………………………………………….

Лекция сабақтарының мазмұны ………………………………………………………………………….

Семинар сабақтарының жоспары ………………………………………………………………………..

СӨЖ жоспары және орындау кестесі ………………………………………………………………….

ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ……………………………………………………………..

Студенттердің білімін бақылау түрлері: ………………………………………………………………

а) бақылау сұрақтары

б) жазбаша бақылау жұмысы

в) тест сұрақтары

Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі …………………………

Пән бойынша оқу процесінің картасы ……………………………………………………………

Алғы сөз

Оқу әдістемелік кешен «Программалау ІІ» пәні бойынша 050111 «Информатика» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

2. Жалпы мәліметтер.

Аға оқытушы Сарайбаев М.Ш.

«Инфоратика» кафедрасы №1 корпус, 2-этаж, 24 кабинет

Телефон: — 252

Кафедрада болу уақыты: 9.00-18.00

Өткізу уақыты және орны

Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ

1

Сарайбаев Молдабек Шыныбекұлы

Уақыты __________

Ауд ______________

Уақыты _______

Ауд _________

Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________

3. Пәнді оқытудың мақсаты

Курстың мақсаты – программа құру методологиясы, қолданылатын жобалау және программалау технологиясы туралы түсінікті қалыптастыру және машықтандыру.

Бұл пәнді оқып үйрену студентке программа құрастырудың нақты тәжірибесін береді және программалық құжатты құрастыруды көрсетеді. Программа құрастырудың тиімді және рациональды әдістерін үйретеді.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- программалау парадигмалары туралы түсініктерді қалыптастыру;

- типтік программалау жүйесінің қызмет ету схемасымен таныстыру;

- базалық программалау тілдерін үйрету;

- программалау ортасының құрал-саймандарын меңгеру;

- жеке бағдарламалық қолданбаларды құру және жасау.

4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері

Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Мектеп бағдарламасына сәйкес математика және информатика

Сандық әдістер, Информатиканы оқыту әдістемесі

2

Программалау І

Мәліметтер қоры

5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды бақылау

Лекция

Практика

СӨЖ

ОБСӨЖ

4

180

30

30

60

60

4,5 сем

Емтихан

6. Оқу сабақтарының құрылымы:

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.

7. Студентке арналған ережелер (Rules):

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі.

Тақырып атауы

Сағат саны

Лек.

Лаб.

ОБСӨЖ

СӨЖ

Динамикалық жадымен жұмыс

1

Динамикалық жады және көрсеткіштер.

Динамикалық жады. Адрестер және көрсеткіштер. Көрсеткіштерді жариялау.

1

1

2

2

2



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | ... | Вперед → | Последняя | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: