осауова Аерке олдасынызы Отанды жне шетелдік селекциядаы

ӘОЖ 636.38 (5): 636.082.2 Қолжазба құқығында

ҚОСАУОВА АҚЕРКЕ ҚОЛДАСЫНҚЫЗЫ

Отандық және шетелдік селекциядағы биязы жүнді қошқарларды пайдалану арқылы алынған төлдердің биологиялық ерекшеліктері мен өнімділік көрсеткіштері

06.02.04 – Дербес зоотехния; мал шаруашылығы өнімдері

өндірісінің технологиясы

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Шымкент, 2010

Жұмыс «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де орындалған

Ғылыми жетекшілері: ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

профессор Есқара М.Ә.

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Абдраманов Қ.Қ.

Ресми оппоненттері: ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

профессор Байбеков Е.Қ.

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Омар М.О.

Жетекші ұйым: «Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі

ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің филиалы

«Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»

Қорғау « 29 » қазан 2010 жылы сағат 1000 «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Д.55.39.01. диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 160019, Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, 3.

Диссертациямен «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат « » қыркүйек 2010 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, ауыл шаруашылығы

ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ә.Паржанов

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Тұқымдық мал шаруашылығы туралы» Заңының жүзеге асырудағы мейлінше маңызды бағыттарының бірі биязы жүнді қой шаруашылығын одан әрі дамыту болып табылады.

Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін оңтүстік қазақ мериносы қой тұқымын одан әрі жетілдірудің ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға көшіру, сапасын жақсарту, сұрыптау мен жұп таңдау тәсілдерін тиімді пайдалану, мал азығын молайту және азық сапасын жақсарту болып саналады.

Ғылыми жұмыс осы қой тұқымының биологиялық қасиеттерін толық сақтап қана қоймай, олардың жергілікті жер жағдайына бейімділігін күшейтіп, генетикалық потенциалын одан әрі жақсартып, оның өнімділік көрсеткіштерін жоғарылатуға арналған.

Оңтүстік Қазақстан облысының тау бөктерінде орналасқан биязы жүнді қой шаруашылықтарында, ірі көлемде селекциялық-асылдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы мақсатта әлемдік және отандық жоғары өнімді қошқар-ларды пайдалану нәтижесінде жүн өнімділігі мен малдардың тірілей салмақ-тары көтерілгені байқалады.

Оңтүстік қазақ мериносының өнімділік көрсеткіштерін жақсарту тұрғысында ғылыми ізденістердің нәтижесінде шығарылған, таза жүн түсімі 2,8-3,0 кг-нан астам, жүн талшықтарының физико-механикалық қасиеттері жақсартылған, жайылымдық жағдайда жоғары өнімділігімен сипатталатын австрало-оңтүстік қазақ мериносының жаңа сүлесін шығарудың селекциялық негіздерін жасау осы өлкеде жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің маңыздылығы өзекті болып табылады.

Келешекте биязы жүнді қой шаруашылығы негізінен экологиялық таза ет және жоғары сапалы 18,0-20,0 мкм жіңішке биязы жүн өндіру бағытында қарқынды дамитын болады және осы бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулер ертеңгі күннің, яғни бәсекелестікке төтеп бере алатын талапқа сай болып, өзекті мәселені шешуге септігін тигізері сөзсіз.

Ғылыми–зерттеу жұмыстары «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің 07.03.08.01.03.Ж. «Қазақстандағы өсіріліп жатқан қойлардың асыл тұқымдық және өнімділік сапасын жақсартып, жаңа жоғары өнімді аталық тізбелері, тұқымішілік және зауыттық түрлерін шығру» тақырыптық жоспарына сәйкес жүргізілді. Мемлекеттік тіркеу нөмірі №0106 ҚР 01135.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмыстарының мақсаты – Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі тау бөктерінде өсіріліп жатқан оңтүстік қазақ мериносы қой тұқымының жүн өнімін молайту, жүннің технологиялық қасиетін жақсарту, осы мақсатта шетелдік ең жоғары өнімді австралиялық мериносты және отандық «Меркі» тұқымішілік типтің қошқарларын тиімді пайдалана отырып бәсекеге төтеп бере алатын жіңішке жүн беретін малдардың табын шығарудың негізін қалау.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

дүниежүзілік және отандық селекцияландырылған ең жоғарғы өнімді малдарды пайдалану нәтижесінде алынған ұрпақтардың биологиялық ерекше-ліктерін сараптау;

әр түрлі жұптау топтарындағы өнімділік көрсеткіштерімен белгілерінің параметрлерін анықтау;

төлдердің көбеюін, өміршеңдігін, өсіп-өнуін, конституциясын зерттеу;

әр түрлі жұптаудан алынған ұрпақтардың жүн өнімдерін зерттеу;

төлдердің жасына байланысты терілерінің гистоморфологиялық құрылы-мын зерттеу;

малдардың негізгі белгілерінің арасындағы байланыстарын анықтау;

зерттеу жұмыстарының экономикалық тиімділігін талдау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Алғаш рет Оңтүстік Қазақстан өңірінде шығарылған оңтүстік қазақ мериносының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері одан әрі дамытылды. Осы мақсатта жүнді бағыттағы австралиялық мериностың гендік қорын тиімді пайдалану жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жергілікті жағдайға жақсы бейімделген, нарық бәсекесіне төтеп бере алатын, өте жіңішке талшықты (18,0-20,0 мкм), таза жүн шығымы 57-58 % беретін малдардың үлесі көбейді. 70 сападағы (18,0-20,0 мкм) талшықтың үлесі тәжірибе алдында 6-8% құраса, бұл көрсеткіш қазіргі кезде 28%-ға жетті. Нәтижелер жүн талшығының ұзындығы 1,0-1,5 см артып, жүн түсімі 10-15 % көтерілгенін көрсетеді. Будандардың жүні қоюланып, беріктігі жақсарып, жүн талшықтарының жылтырлығы, жұмсақтығы артып, жүні австралиялық мериносына тән сипатта. Оңтүстік қазақ мериносының жүн түсімі жоғарылап қана қоймай, сонымен бірге малдардың тірілей салмақтары 10-15 % көтерілді.

Зерттеудің қолданбалы маңызы. Жүргізілген ғылыми-зертеу жұмыстары-ның нәтижесінде әр түрлі жұптаудағы пайдаланылған қошқарлардың нәсілдік қасиеттерін анықтап, оларды өнімділік көрсеткіштерін жақсарту мақсатында тиімді пайдаланып, австрало-оңтүстік қазақ мериносының негізгі бағыты жүн түсімін, жүннің сапалық көрсеткіштерін жақсарту. Себебі, жоғары өнімді малдардың тиімді генотипін анықтау австрало-оңтүстік қазақ мериносының жүн, ет өнімділігін арттыру мен қатар, тұқымның шаруашылыққа пайдалы қасиеттерін және биологиялық ерекшеліктерін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қорғауға ұсынылған негізгі мәселелер:

төлдердің өсіп-жетілу қарқынын, көбею қабілетін, сымбаттылығын (экстерьер) және дене бітімдерін анықтау;

әр түрлі жұптаудағы ұрпақтардың жүн, ет өнімдерінің ерекшеліктері;

нәсілдік қошқарлардың шаруашылыққа пайдалы қасиеттерінің өз ұрпақ-тарына беруі мен селекциялық маңызды деген белгілердің өзара корреляциялық байланыстары;

ғылыми ізденістің экономикалық тиімділігі.

Жұмыстың сынақтан өтуі мен жарық көруі. Диссертацияның негізгі қағидалары «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің ғылыми кеңестерінде (Шымкент, 2006-2009); Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда: Сейфуллинские чтение-3 //С.Сейфуллин ат. ҚазҰАТУ 50 жылд.арн. респ.ғыл.-теор.конф.тез. (Астана, 2007); Зоотехния ғылымы мен мал шаруашылығы өнді-рісінің қазіргі жағдайы мен болашағы //Халықаралық ғыл.- өндір.конф.матер. (Шымкент, 2007); Жас ғалымдардың ғылымға қосар үлесі //Респ.ғыл.-өндір.конф.тез. (Шымкент, 2007); Аграрная наука –сельскохозяйственному производству Казахстана, Сибири и Монголии //ХІІ Халықаралық ғыл.-практ.конф. матер. (Алматы, 2009), Сакен тағылымы-6 //Респ.ғыл.-теор.конф. матер. (Астана, 2009 ж); «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің ғылыми техникалық кеңестің мәжілісінде қаралып, мақұлданған (Шымкент, 2010).

Зерттеу жұмыстары бойынша 8 мақала, 2 ұсыныс жарық көрген.

Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспе, әдебиетке шолу, зерттеу орны, оның жағдайы, зерттеу жұмысының әдістемесі, нәтижелері, экономикалық тиімділігі, қорытынды, өндіріске ұсыныстардан құралған. Жұмыстың мазмұны 110 бетте баяндалған, 30 кесте, 14 суретпен көркемделген. Пайдаланылған әдебиеттер 117 еңбектен құралады, оның ішінде 8 алыс шет елдердің авторлардың мәліметтері келтірілген.

2 ЗЕРТТЕУ ЗЕРЗАТЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2006-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы «Бірлік» асыл тұқымды шаруашылығында жүргізілді.

Зерттеу зерзаты – австрало-оңтүстік қазақ мериносы саулықтары («Күйік» типі) мен тәжірибе ретінде шетелдік (австралиялық жүнді бағыттағы меринос) және отандық селекциядағы («Меркі» типі) қошқарлары болды, бақылау тобы есебінде жергілікті «Күйік» типі қойлары алынды.

Ғылыми жұмыстарды жүргізу үшін келесі тәжірибе топтары құрылды: І топ (тәжірибелік) жүнді бағыттағы австралия мериносы қошқарының қатырылған ұрығы 300 овцедоза «Асыл түлік» АҚ алынған, аналық саулық саны 138 бас, ІІ топ (тәжірибелік) «Меркі» типті аталық қошқарлар, саулықтар саны 145 бас, ІІІ топ (бақылау тобы) «Күйік» типті қошқарлар, саулық саны 114 бас.

Аталық қошқарлар (2,5 жасар) барлығы элита класының, ал аналық саулықтар (2,5 жасар, барлығы 397 бас) эл+1 кл талаптарына тура келді. Бұларды азықтандыру, күтіп-бағу сияқты тәртіптер шаруашылықтағы басқа малдармен бір жағдайда болды.

Зерттеу жұмыстарының жалпы сызбанұсқасы 1-суретте келтірілген.

Зерттеу нысанында алынған малдардың жас төлдерінің өсіп-өнуі ерекше-ліктерін анықтау мақсатында қозылардың тірілей салмағы мен дене бітімдері анықталды (туылған кезде, 4,0-4,5; 12; 18 айлық мерзімдерде). Я. Борисенко әдістемесі бойынша серіппелі таразыда 0,5 г-ға дейін дәлдікпен өлшенді. Қозылардың сымбатын (экстерьер) зерттеу үшін мынадай негізгі көрсеткіштер алынды: дененің қиғаш ұзындығы, иық биіктігі, құйымшақ биіктігі, кеуденің

көкірек тұсының орамы, жіліншік орамы. Иық биіктігі, құйымшақ биіктігі өлшегіш таяқпен, дененің қиғаш ұзындығы, кеуденің көкірек қуысының орамы, жіліншік орамы лентамен, ал 4,0-4,5; 12; 18 айлық жасындағы тірілей салмақтары платформалық таразы арқылы өлшенді [Кравченко Н.А., 1976].

Тәжірибедегі І, ІІ, ІІІ мал топтарынан алынған төлдер 12 айлық мерзімінде «Биязы жүнді қой шаруашылығындағы сұрыптау жұмыстарына нұсқау» [2000] бойынша бонитировка жасалынып, олардың өнімділігі жеке-жеке бағаланды.

Тәжірибедегі барлық қойлардың жүн өнімділігі есебі жүн қырқым кезінде дене салмағын өлшеу арқылы жүргізілді. Олардың ұзындығы (табиғи және жасанды), жүн талшықтарының жіңішкелігі, иректілігі, таза жүн шығымы шайыр құрамы, беріктігі БМШИ әдістемесі бойынша [1969] зерттелді.

Жүннің майлылық көрсеткіштігі Сокслет қондырғысында күкіртті эфир-мен экстратитірлеу әдісімен, ал тердің мөлшері майдан тозаңдырылған жүн үлгілері Бүкілодақтық мал шаруашылығы институты ғалымдары ойлап тапқан әдістерімен [1978] дистилденген таза суда сілтілеу арқылы анықталды.

Тәжірбиедегі аналық саулықтар 2006 жылдың қазан айының екінші жартысынан, қараша айының бірінші онкүндігі аралығында шаруашылықтағы арнайы малды қолдан ұрықтандыру бекеттерінде, арнайы дайындалған мамандардың қатысуымен «Саулықтарды қолдан ұрықтандыру ережесіне» [1986] сәйкес қолдан ұрықтандырылды.

Төлдердің дене өлшемдері Е.Я.Борисенко [1984] әдістемесі бойынша есептелді.

кеуде орамы

Ірілігі ═ х 100

шоқтығының биіктігі

жіліншік орамы

Сүйектілігі ═ х 100

шоқтығының биіктігі

дененің қиғаш ұзындығы

Созымдылығы ═ х 100

шоқтығының биіктігі

кеуде орамы

Төртбақтық ═ х 100

дененің қиғаш ұзындығы

Зерттеу жұмыстарындағы әр түрлі жұптаудағы алынған еркек тоқтылар-дың (әр топтан 2 бас) ет және ет өнімділігі шығымын анықтау МСТ-1935-55 арқылы 4,5; 18 ай мерзімдерінде жүргізілді.

Тәжірибедегі қозылардың терісінің гистологиялық құрамын анықтау мақса-тында әр жұптаудағы топтардан 4 бастан құйымшаққа жақын жерінен биопсия арқылы 1 кв.см көлемінде 1-3 күндік туылғандардан алынды. Жара болған жерді залалсыздандыру және тез жазылып кету үшін жібек жіппен 3 жерден

1-кесте – Жұптау нұсқасына байланысты аталық тұқымдық қошқарлар мен аналық саулықтардың өнімділік көрсеткіштері

ТоптарАталық тұқымдық қошқарларnТірілей салмағы, кгЖүн түсімі, кгЖуылған жүн шығымы, кгТаза жүн шығымы, %Талшық ұзындығы, смЖүн сапасыАналық саулықтарnТірілей салмағы,кгЖүн түсімі, кгТалшық ұзындығы, смI- тәжірибе-лік топавстралиялық меринос, жүн-ді бағыттағы

(шетелдік селекция)298,014,07,1358,112,064австрало-оңтүстік қазақ мериносы13854,54,5±0,29,5±0,46II-

тәжірибе-лік топМеркі тұқым-ішілік типі

(отандық селекция)497,512,06,9658,011,264австрало-оңтүстік қазақ мериносы14553,04,3±0,179,1±0,53III-

бақылау тобыКүйік тұқым-ішілік типі497,011,86,8257,811,060австрало-оңтүстік қазақ мериносы11451,04,1±0,089,0±0,38тігіп, оның үстіне каллодий құйылды. Алынған тері үлгілері (12 дана) 10 пайыз-дық формалинде тәулік бойы сақталып, содан соң 5 пайыздық форма-линге көшірілді.

Терінің гистологиялық кесінділері қатыратын микротомда дайындалды. Көлденеңнен және тігінен кесінділер жасалынды. Осы жұмыстар микроскоп МБИ-3 арқылы жүргізілді. Терінің препараттарының гистологиялық үлгілері Н.А.Диомидова, Е.А.Панфилова, Е.Суслинаның [1960] әдістемесі бойынша дайындалып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының «Биохимия және гистология» зертханасында зерттелінді.

Жүргізілген зерттеу жұмыстарының экономикалық тиімділігі осы шаруа-шылықта өндірілген өнімнің (жүн, ет) құнын, оның сатылу бағасын, одан түскен таза пайдасын және шаруашылық жағдайына тиімділігін есептеп шығару жолымен анықталды.

Тәжірибе барысында алынған сандық мәліметтер М.К.Меркурьеваның [1970] биометриялық статистика әдісімен МК компьютеры және «Excel» программасы бойынша компьютерде өңделді.

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1 Төлдердің көбеюі, олардың өсіп-жетілуі кезіндегі өміршеңдік ерекшеліктері

Биязы жүнді қой шаруашылығының тиімділігі де жалпы мал шаруашылығы сияқты, көбейгіштік және өсіп-өнгіштік қабілеттеріне байланысты. Бұндағы негізгі өнімділік көрсеткіштері ретінде өсіп-дамумен қатар саулықтардың ұрықтану мен төлдегіштік ерекшеліктерінің маңызы зор. Сондықтан төл алу және оны ойдағыдай өсіріп, сақтау шаруашылықтың негізгі міндеттерінің бірі.

Қозылардың тірілей салмағы малдың өнімділігін арттыруға және оны анықтауға әсерін тигізетін факты болып саналады. Етті-майлы қой тұқымдары-ның төлдері туылған кезде 5,0-5,5 кг болса, биязы жүнді меринос қойларында бұл көрсеткіш керісінше төмен болып, 3,5-4,0 кг дене бітімі нәзік болады. Сол себептен де күтімді талап етеді. Сондықтан саулықтарды жылы қорада төлдетіп, оған қолайлы микроклимат қалыптастырып, жаңа туған қозыларды анасымен бірге өсіргенде қозылардың денесін кептіріп, анасының уызымен азықтандырып қарағанда, салыстырмалы топтағы төлдерге қарағанда өлім-жітім 9-10% төмендеп, 4,0-4,5 айға дейінгі өсіп-даму кезіндегі салмақтары 8-10% артатыны дәлелденді.

Топтардан алынған тірі қозылар І топта 82 басты құраса, өлі туылғаны 3 бас, 3,65%, тиісінше ІІ топта 140 бас; 3 бас, 2,14%; ІІІ топта 107 бас; 4 бас, 3,7% құрады.

Қой шаруашылығының өнімін көтерудің себептерінің бірі төлдерді аман сақтап өсіру. Анасынан қозыларды бөлу кезінде (4,0-4,5 ай) қанша төл сақталып қалатыны көбіне шаруашылықтағы бірқатар жағдайлар әсер етеді (климат, шопанның мамандығы, жем-шөп, саулықтардың сүттілігі), себебі ауа-райы сал-қын болып, қозыларға суық тиіп шетінеп қалады, сөйтіп төл басы кеміп кетуі мүмкін. Біздер олардың өміршеңдік ерекшеліктерін зерттеу мақсатында төлдер-дің туылған күннен, 4,0-4,5 айлық мерзімге дейін бақылау жүргіздік (2-кесте).

2-кесте – Әр түрлі жұптаудан алынған төлдердің өміршеңдігі мен сақталуы

Топтар

Алынған тірі қозылар

4,0-4,5 айлық мерзімде сақталған қозылар

Шығын, %

бас

%

І

82

80

97,5

2,5

ІІ

140

136

97,1

2,9

ІІІ

107

103

96,2

3,8

Біршама жоғары өміршеңдік қасиеттері І және ІІ топтағы будандардан (97,5%, 97,1%) байқалады. Бұл жағдайда конституциясы мықты, нәсілдік қасиеті жоғары қошқарларды пайдалану нәтижесі арқасында төлдердің өсімтал-дығына әсер етуі мүмкін деп жорамалдаймыз. Осы топтардағы төлдердің шығымы тиісінше 2,5%, 2,9%-ды құрап, олардың өмір сүру қабілеттерінің көрсеткіштері жоғары екенін көрсетеді. Алынған төлдердің өміршеңдік қасиеттерін, олардың денсаулығының жақсы, конституциясының мықты және қоршаған ортаның жағдайына бейімділігін көрсетеді.

3.2 Төлдердің дене бітімі (экстерьер) және конституциялық ерекшеліктеріне сипаттама

Малдың сыртқы бітімі тіршілік ортасының қандай да бір жағдайына бейімділігін, сол ортаға байланысты өнімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ол, сондай-ақ денсаулығы мен конституциясының берік-тігінің де белгісі. Себебі берік конституциядағы малдардан дене құрылысы сымбатты, сүйектері тығыз, қайратты, қоршаған ортадағы жағдайларға тез бейімделеді, алынатын өнімі жоғары сапалы болады. Малдың сырт бітімінің өсіп-жетілу процесінде өзгеру заңдылығын танып-білу, малдардың биоло-гиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Малдардың дене бітімі мен конституциясының өнімділік көрсеткіштеріне әсерін шаруашылықтағы малдарды бағалау (бонитировка) бойынша анықтадық (3-кесте).

3-кесте – Еркек қозылардың жүн өнімділігі мен тері қатпарлығының көрсеткіштері

Мал топтары

n

Жүн түсімі, кг

M±m

Жүн ұзындығы, см

Тері қатпарлығы типі, %

Жүн қалыңдығы, %

бүйіріарқасыСС+МММ+І265,4±0,1110,59,580,913,951,233,3ІІ315,2±0,1710,39,276,214,050,831,7ІІІ295,0±0,1010,19,075,513,350,131,6Орта көрсеткіші865,210,39,277,513,750,732,2

Кестеде келтірілген мәліметтерден мал топтарының жүн түсімінің орташа көрсеткіші 5,2 кг құрап отыр, ең жоғарғы көрсеткіш І топтағы малдарға сәйкес келеді 5,4±0,11 кг. Жүн ұзындығы бойынша, бүйір жүн ұзындығы І топта 10,5 см, бұл жоғарғы көрсеткіш болып табылады, тиісінше ІІ топта 10,3 см; ІІІ топта 10,1 см құрап, І топ ІІ топтан 0,2 см-ге, ІІІ топтан 0,4 см-ге артық болды.

Тері қатпарлығы бойынша ұнамды типті малдардың 94,8 пайызды құраған малдар үлесі І топтағы тоқтыларға тиесілі. Мұнда С бойынша 80,9 пайыз, ал С+ 13,9 пайызды көрсетіп жүннің түсіміне әсер еткені байқалады. Осындай жақсы көрсеткіштер ІІ топтағы тоқтылардан да байқалады, оларды тиісінше: 76,2 %; 14,0 % болса, осы топтардағы малдардың орташа көрсеткіші жоғары деңгейде, яғни С және С+ белгілері бойынша 90,2 % құрайды.

Тәжірибедегі мал топтарының ұрпақтарының өнімділік көрсеткіштерінің жүн қалыңдығы бойынша да І және ІІ топтардағы малдарда жоғары, өте қалың және қалың (ММ, М+) белгілер бойынша тиісінше 51,2; 33,3; 50,8; 31,7 пайызды көрсетсе, орташа көрсеткіш ММ, М+ бойынша 82,9 % құрайды.

3.3 Әр түрлі жұптаудан алынған ұрпақтардың жүн өнімдері

Жүн қой шаруашылығының негізгі өнімі болып табылады.

Жүн түсімі мөлшері мен оның сапасының артуы, биязы жүнді қой шаруашылығының тиімділігін көрсетеді.

Биязы жүнді қой тұқымдарының ішінен оңтүстік қазақ мериносы ерекше орын алады, себебі осы уақыттағы барлық меринос қойлардың 44%-ын құрайды. Жіңішке меринос жүнін солтүстік және оңтүстік қазақ мериносы ғана өндіретіндіктен және СҚМ-ның жоғалып бара жатырғанын ескерсек, ОҚМ-ның генофондын сақтап қалу, одан әрі жетілдіру жұмыстарын тиянақты жүргізуіміз керек.

Оңтүстік өлкедегі австрало-оңтүстік қазақ мериносын әлемдік және отандық жоғары өнімді қошқарлармен жұптастырудан алынған төлдердің жүн түсімі, таза жүн шығымы, талшық ұзындығы т.б. сияқты белгілеріне әсерін зерттедік. (кесте 4)

4-кесте — Ұрпақтардың жүн өнімділігі

Тәжірибедегі мал топтары

n

Қырқылған жүн түсімі, кг

Таза жүн шығымы, %

Жүн ұзындығы, см

M±m

Жуылмаған жүн, M±m

Жуылған жүн, M±m

еркек тоқтылар

І

10

5,4±0,18

3,1±0,7

58,0

10,2±0,08

ІІ

12

5,2±0,18

2,9±0,31

57,0

10,0±0,11

ІІІ

16

5,0±0,64

2,8±0,09

56,5

9,7±0,02

орташа көрсеткіш

38

5,2



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | Вперед → | Последняя | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: